Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде Instagram желісінің жұмысына шектеу қойылмақ

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының талабы негізінде РФ аумағында Instagram әлеуметтік желісінің жұмысына шектеу қойылатын болды. Бұл туралы Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің ресми сайты хабарлады.

"Instagram әлеуметтік желісінде Ресей Федерациясының азаматтарына, оның ішінде әскери қызметкерлерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға шақыратын ақпараттық материалдар тарауда.

Meta Platforms Inc.компаниясының баспасөз хатшысы Энди Стоунның 2022 жылдың 11 наурызындағы мәлімдемесіне сәйкес, компания бірқатар ел тұрғындары үшін өз әлеуметтік желілерінде Ресей азаматтарына, оның ішінде әскери қызметкерлерге қатысты зорлық - зомбылыққа шақыратын ақпаратты жариялауға тыйымды алып тастады", - деп түсіндірді ведомство.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің Бас прокуратурасы Instagram желісіне қолжетімділікті шектеуді, сондай-ақ, Instagram, Facebook және WhatsApp желісіне иелік ететін Meta компаниясын экстремистік ұйым ретінде тануды талап етіп, сотқа жүгінген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960337-reseide-instagram-zelisinin-zumysyna-sekteu-qoiyldy/

pixel