Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Qazaq Air әуе компаниясы Ресейге барлық рейстерін тоқтатты. Бұл туралы әуе компанияның ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Компанияның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, "Qazaq Air" әуе компаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алған.

Аталған жағдайға байланысты авиакомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша Ресейге авиарейстерді орындауға қауқарсыз. Осы себепті Новосибирскіге бүгінгі рейс орындалмайды.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда. Билеттерді қайтару сатып алған жерлері бойынша жүзеге асырылып жатыр.

"Егер ұшу құжаты авиакомпанияда сатып алынған болса, info@flyqazaq.com электронды поштасына хабарласу қажеттігі айтылды. Алдағы күндері кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етіп отырамыз. Qazaq Air әуе компаниясы ұшулар қауіпсіздігі бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттардың барлық талабын орындап отыр" , - деді компанияның баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960360-qazaq-air-aue-kompaniyasy-reseige-reisterin-toqtatty/

pixel