Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев сот алдында соңғы сөзін айтты

Опубликовано:

Қайрат Нұрлыбаев
Қайрат Нұрлыбаев. Фото: avesta-news.kz

11 наурыз күні №2 Атырау қалалық сотында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі директорының орынбасары Нұрлан Бисембаевқа соңғы сөз берілді, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Нұрлыбаев та, Бисембаев та өздеріне тағылған айыптармен келіспейді. Нұрлыбаев өзіне жала жабылып отыр деп есептейді. Соның ішінде Нұрлыбаев Бисембаевпен алдын ала сөз байласты деген секілді басқа да айыптаулардың тергеуде де, сотта да өз дәлелін таппағанын айтып,  үстінен қозғалған қылмыстық істің өзін лауазымынан түсіру үшін әдейі жасалған әрекет екенін жеткізді.

Оның сөзінше, облыс прокурорлары мен мемлекеттік аудиторлар оның конституциялық құқын бұзып отыр.

"Қорыта келе, мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Ешкіммен сөз байласпадым, ешкімнен еш нәрсе алмадым. Бюджет қаржысын талан-таражға салмадым. Субсидия қаржысы қайтарылды, мемлекетке ешқандай зиян келген жоқ, жәбірленушінің талабы жоқ.

Құрметті сот, менің отбасылық жағдайымды, яғни, кәмелеттік жасқа толмаған екі қызымның бар екенін, бұрын сотталмағанымды ескеріп, мені кінәсіз деп танып, ақтауыңызды немесе істі қысқартуды сұраймын. Менің еш кәнім жоқ, болған да емес. Алла алдында, сот алдында да", - деді Нұрлыбаев

Бисембаев та субсидия қаржысы қайтарылғанын және мемлекетке ешқандай залал келмегенін айта келе, бюджет қаржысын жымқыруды көздемегенін, арам пиғылы болмағанын айтты.

"Мен ауыл шаурашылығы саласын дамытуды мақсат еттім. Менің ісімде қылмыстық құрамның болмауына байланысты және кәмелетке толмаған сегіз баламның барын әрі отбасының жалғыз асыраушысы екенін ескеріп, мені ақтауыңызды сұраймын" , - деді ол.

Сонымен бірге, Бисембиев "Бұйырғын" кооперативінің құс етімен тек облысты емес, елдің батыс өңірін түгел қамтамасы зетіп оытрған бірден бір үлкен өнеркәсіп мекені екенін де атап өтті.

Сот айыпталушылардың соңғы сөздерін тыңдап болған  соң кеңесу үшін сотты жабық деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960382-atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-qairat-nurlybaev-sot-aldynda-songy-sozin-aitty/

pixel