Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік кезі
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі өзінің ресми "БОРТ N1" Telegram-арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік кездегі суретін жариялады.

"Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл", - делінген фотның астында.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 17 ақпанында берген сұхбатынан үзіндіні келтірген.

"Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960385-toqaevtyn-student-kezindegi-fotosy-zariyalandy/

pixel