Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда оқушы сабақ үстінде мұғалімге балағат сөздер айтты

Опубликовано:

Оқу ордасы
Көрнекі фото: pxhere.com

Талдықорған мектептерінің бірінде оқушы сабақ үстінде өз ұстазына балағат сөздер айтты. Оқиға қоғамда нағыз резонанс тудырды. Бұл жағдай Білім және ғылым министрлігі мен Алматы облысы полиция департаментінің назырына да іліккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мектеп қабырғасында орын алған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бейнежазбада мұғалім сабақ жүргізіп отырып, тақтада тұрған оқушысына ескерту жасайды.

Жасөспірім оған негативті түрде жауап беріп, ұстазына балағат сөздерін айтады.

Білім және ғылым министрлігі өзінің ресми Facebook парақшасында ұстаздарға деген мұндай қатынасқа жол берілмейтінін кесіп айтты.

"11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туылған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған.

Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды", - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

БҒМ кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылғанын еске салды.

"Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.

Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды", - деп жазды БҒМ.

Алматы облысы полиция департменті де оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жасөспірімнің әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша заңбұзушылық бар екенін растады.

"Кәмелетке толмаған оқушының ұзтазының тарапына болған агрессивті әрекеті мен балағат сөздер айтуы мектептің басшылығы мен профилактика кеңесінің назарынан да тыс қалмады. Тиісті арыз қалалық полицияға келіп түсті. Кәмелетке толмаған балаға қатысты жинақталған материал соттың қарауына берілді", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960388-taldyqorganda-oqusy-sabaq-ustinde-mugalimge-balagat-sozder-aitty/

pixel