Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді

Жарияланған күні:

egov.kz
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

eGov.kz порталына кірудің жаңа ережесі 14 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл туралы eGov.kz ресми Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа ережеге сәйкес, 14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады. Өйткені бұдан былай eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.

Енді eGov.kz порталына кіру үшін

  • логин / ЖСН енгізу қажет
  • құпиясөзді енгізу керек
  • мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет.

Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.

Ал электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.

Egov.kz порталының мәліметінше, 2FA немесе екі факторлы аутентификация - бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы пайдаланушы аккаунттың иесі өзі екенін екі түрлі жолмен растауы керек. Оның көмегімен пайдаланушы деректеріне үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын.

Порталдың қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген белсенді телефон нөмірі болуы керек. Егер нөмір бұғатталған болса немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласу қажет немесе eGov.kz жеке кабинетіндегі нөмірді ауыстырған жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960400-14-nauryzdan-bastap-egovkz-portalyna-kiru-tartibi-ozgeredi/