Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

азықсупер
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің сауда және интеграция министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Ресми хабарлама министрліктің Facebook парақшасында хабарланды.

Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы түрлі ақпарат тарады.

"Дүрбелең сұраныстың артуына және базарда алыпсатарлық фактісінің туындауына алып келді. СИМ мен АШМ ажиотажға ерік бермеуге шақырады.

Азық-түлік өнімдерін өндіру тоқтатылмайды, қорлар жүйелі негізде толықтырылады. АШМ дерегі бойынша жарма, ұн, консервілер және басқа да тауарлар өндірісі үшін жеткілікті шикізат, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін жеткілікті мал басы бар", - делінген хабарламада.

Жедел деректерге сәйкес, республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Оның ішінде ұн – 145,1 мың тонна, қант – 47,6 мың тонна, күріш – 40,2 мың тонна, макарон – 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және т.б.

Осы ретте, министрлік елімізде қант тапшылығы жоқ екенін хабарлады. Қант өндірісі жалғасуда және тоқтамайды. Ал қор толықтырылып отырады.

Сондай-ақ, ведомство қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру фактісі бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты анықтау жұмысы жалғасып жатқанын хабарлады.

"Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлауынша, Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесі 15-тен 10 пайызға дейін төмендетілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960458-sauda-zane-integraciya-ministrligi-azyq-tulik-tapsylygy-turaly-aqparatqa-qatysty-malimdeme-zasady/