Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гуманитарлық көмек тиелген әуе кемесі Алматыдан Украинаға ұшып кетті (фото)

Опубликовано:

Гуманиатарлық көмек
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 14 наурызда денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина тұрғындарына гуманитарлық көмек 14 және 15 наурызда екі рейспен жіберіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Украинаға гуманитарлық көмек жіберу туралы шешімді Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия қабылдаған болатын.

Украинаға көмек
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Украинаға көмек
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жүктерді Украинаға қаз-қалпында жеткізу мақсатында Қазақстан гуманитарлық көмекті тарататын хабтары бар өзге мемлекеттермен келісімге келді.

Ұшақ
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жалпы салмағы 28,2 тоннаға тең гуманитарлық көмектің ішінде 17 түрлі дәрі-дәрмек бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960504-gumanitarlyq-komek-tielgen-aue-kemesi-almatydan-ukrainaga-usyp-ketti/

pixel