Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке кабинет ашқан": Алматыда банк кеңесшісі клиенттерді алдады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда екінші деңгейлі банктердің бірінде клиенттерін алдады деген күдікпен 2000 жылғы қыз ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Instagram-парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бойжеткен қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында банкке кеңесші ретінде тәжірибеден өтуге барғаны анықталды.

Оның міндеттеріне клиенттердің смартфондарына мобильді қосымша орнату және оны банк карталарының ресурсына бекіту кірген.

"Ол кейбір жағдайларда өзінің смартфоны арқылы жеке кабинет ашқан. Мұны клиенттің камерасы бейнетексерістен өтпейтініне байланысты деп түсіндірген. Бұл банк қызметкеріне клиенттердің жеке деректерін білуге мүмкіндік береді. Содан кейін клиенттердің жеке деректері мен құпия сөздерін қолданып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақша алған. Көбінесе ол басқа адамдардың картасына ақша аударып отырған", - дейді Рустам Абдрахманов.

Ведомство мәліметінше, күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның басқа да заңсыз іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Рустам Абдрахмановтың хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізу Алмалы облыстық полиция басқармасына тапсырылды.

Тергеу барысы мен нәтижелері Алматы қаласының полиция департаментінде бақылауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960510-zeke-kabinet-asqan-almatyda-bank-kenessisi-klientterdi-aldady-degen-kudikke-ilindi/

pixel