Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

“Көлік сатып алуға көмектесемін”: Семейлікті сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: polisia.kz

"Көлік сатып алуға көмектесемін" деп алдап, семейлік тұрғынның 4,2 миллион теңгесін иемденген алаяқ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Үлбі ПБ кезекші бөліміне Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны арызбен жүгінген.

Ол бейтаныс әйел аукцион арқылы Hyundai Tucson автокөлігін сатып алуға көмектесемін деген сылтаумен сеніміне кіріп, оның 4,2 миллион теңге сомасындағы ақшасын иемденгенін айтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Ол облыс орталығының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты.

Кінәсін мойындаған күдіктінің айтуынша, ақшаны алғаннан кейін ол уәде еткен көлікті сатып ала алмаған, ал қолына түскен ақшасын өз қажетіне жұмсап, үйіне жөндеу жүргізіп, жаңа жиһаз сатып алған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960694-kolik-satyp-aluga-komektesemin-semeilikti-san-soqtyrgan-alayaq-qolga-tusti/

pixel