Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да республикалық жолдардағы көлік қозғалысына тыйым салынды

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында бұрқасынға байланысты республикалық жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

""ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 14 наурыз күні елорда уақытымен сағат 21.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-251 км, Ресей шекарасынан Оралға дейін), Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан Ресей шекарасына дейін) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Аталған жол бөліктерінде жел күшейіп, бұрқасын көтерілген.

Соның салдарынан жолдың көрінуі нашарлаған.

Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960700-bqo-da-respublikalyq-zoldardagy-kolik-qozgalysyna-tyiym-salyndy/

pixel