Елде Болат Назарбаевпен және Қайрат Шәріпбаевпен байланысты майнинг фермалары анықталды
Жарияланған күні:
Қаржылық мониторинг агенттігі президенттің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фермаларының қызметіне кешенді тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 55 майнинг фермасы қызметін өз еркімен тоқтатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, өз қызметін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес Павлодар облысындағы фирмалар бар.
Сондай-ақ, олардың арасында "QazaqGaz "ұлттық компаниясы" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевпен үлестес Ақтөбе облысындағы және танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллинмен үлестес Қарағанды облысындағы фирмалар бар.
Одан бөлек, агенттік қызметі заңсыз майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен де үлестес фирмалардың барын атап өтті.
Бұдан басқа, заңсыз майнинг қызметін Ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар да жүзеге асырған дейді агенттік.
Ал майнинг жабдықтары елге Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен әкелінген. Оларды әкелу контрабандалық тәсілмен жүзеге асырылып отырған.
Мұндай фактілердің бірі Алматы қаласында анықталған. Қытайдан 2,8 млрд теңгеге бір мыңнан астам майнингтік жабдық әкелінген.
Бүгінде Қаржылық мониторинг агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеп, осылайша құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленген.
"Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шаралар электр энергиясын тұтынудың өсуін тежеуге ғана емес, сондай-ақ энергия қуаттылығының босатылуына да ықпал етеді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтынуы 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.
Айта кету керек, майнинг және сандық активтердің айналымын жеткілікті реттеудің болмауы қаржы жүйесіне және азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Крипто-ақша терроризмді қаржыландыру, қару-жарақ пен есірткі сатып алу құралы бола алады.
Осы мән-жайларды ескере отырып, құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы (Қаржылық мониторинг агенттігінің, цифрлық даму, энергетика және қаржы министрліктерінің өкілдері) шеңберінде проблемалық мәселелерді заңнамалық реттеуге бағытталған жүйелі шешімдер әзірленуде", - деп қосты ведомстводан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960774-elde-bolat-nazarbaevpen-zane-qairat-saripbaevpen-bailanysty-maining-fermalary-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.