Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пиязға есірткі жасырып, түрмеге кіргізбек болған ақтөбелік азаматтың қулығы әшкере болды

Опубликовано:

Пияздың ішіне жасырылған есірткі
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде пиязға есірткі жасырып, тергеу изоляторына кіргізбек болған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, Ақтөбедегі ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексерген.

Тексеріс барысында пияздың ішіне мұқият жасырылған екі ұялы телефон, бір sim-карта және салмағы 10,07 грамм болатын "гашиш" есірткі заты тәркіленген.

Полицияның дерегінше, тыйым салынған заттарды Ақтөбе облысының 32 жастағы тұрғыны "Бопсалау" бабы бойынша айыпталып түрмеде отырған танысына бермек болған.

"Қазіргі уақытта тыйым салынған затты мекемеге әкелуші азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі немесе психотроптық сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, алу, тасымалдау немесе сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Оразбаев.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, пияздың ішіне тыйым салынған заттарды жасырып өткізуге әрекеттену фактісі бұған дейін тіркелген.

Ол кезде Ақтөбе облысының 24 жастағы тұрғыны пияздың ішіне мұқият жасырылған бір ұялы телефон мен бір sim-картаны "Қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бабы бойынша айыпталып отырған танысына жеткізбек болған.

Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 791, 795-баптары бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960805-piyazga-esirtki-zasyryp-turmege-kirgizbek-bolgan-aqtobelik-azamattyn-qulygy-askere-boldy/