Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да сүйкімді қыздың суретін пайдаланған жасөспірім бірнеше жігітті сан соқтырды

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желі
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда бірнеше адам интернет-алаяқтық бойынша полицияға арызданған. Шағымданушылар ВКонтакте әлеуметтік желісінде тартымды қызбен танысқаны жайлы айтады. Аз уақыт хат алмасқаннан кейін "виртуалды таныс" қарызға ақша сұрап, қайтармай қойған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жәбірленушілер "виртуалды қыздың" шотына 13 мың теңгеден бастап 316 мың теңгеге дейін қаражат жіберген.

Полицейлер ол парақшаның жалған екенін анықтады.

Парақша иесі аты-жөнін кездейсоқ таңдап, фотоны интернеттен алып орналастырған.

Жедел уәкілдер күдіктіні тапты. Ол Петропавлдың 16 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ата-анасының кепілдігімен босатылды.

"Интернет желісінде ақшамен байланысты сұрақтар туындаған кезде, азаматтардан сақ болуды сұраймыз. Киберқылмыскерлер адамдардың интернет желісіндегі парақшаларының көшірмесін айнытпай жасап, таныстарынан белгілі бір себептерді сылтау етіп, ақша сұраған деректер де кездеседі.

Сондай-ақ, интернетте тауар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіздер.

Бұдан бөлек, ешкімге ешқашан жеке деректеріңізді: банк карталарының нөмірлері мен парольдарын, картаның екінші жағында жазылған cvv-кодтарды, sms арқылы келетін бір реттік кодтарды айтпаңыздар", - дейді Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

Аталған факті Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бүгінгі таңда істе төрт эпизод бар, полицейлер жәбірленушілердің нақты санын анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960827-sqo-da-suikimdi-qyzdyn-suretin-paidalangan-zasospirim-birnese-zigitti-san-soqtyrgan/