Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қант бағасы қанша теңгеге дейін өсуі мүмкін

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында елімізде алдағы уақытта қант бағасының қанша теңгеге дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

"Ауыл шарушылығында өзіміздің азық-түлік келісімшарты бар корпарациямыз бар. Көтерме сұранысқа ермей, қажеті жоқ көп көлемде қантты сатып алмаңыздар. Себебі қазір азық-түлік келісім-шарт корпорацияның қоры бойынша 2,5  мың тонна қантымыз бар. Оны 311 теңгеден өңірлерге жеткізу жұмыстарын жасап жатырмыз", - деді министр.

Қарашөкеевтің сөзінше, қант бағасы алдағы уақытта әрі кетсе 60-70 теңгеге өсуі мүмкін.

"Себебі айтып өткеніміздей, құрақ қант түрі шетелден тасымалданатын болғандықтан доллар бағасына сай өзгеріп отыр", -деді ол.

Сонымен қатар, Қарашөкеев Қазақстанда картоп тапшылығының алдын алу жұмыстары өткен жылдан бастап жүріп жатқанын еске салды.

"Өзбекстаннан 20 мың тоннадан кем емес жас картопты қалыпты бағамен әкелу үшін келіссөздер жүргізгенбіз.

2020-2021 жылғы маусымдағыдай картоп бағасының 800 теңгеге дейін баруына биыл жол бермейміз", - деді министр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1960829-qazaqstanda-qant-bagasy-qansa-tengege-deiin-osui-mumkin/

pixel