Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесі мұздап қалған": Шымкентте көшеден табылған нәрестенің қазіргі жағдайы белгілі болды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте көшеден табылған кішкентай нәресте ауруханадан балалар үйіне ауыстырылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым келтірген дерек бойынша, жаңа туған сәби төрт күн бойы балалар ауруханасында жатқан. Дәрігерлер нәрестенің денесі суықтап қалғанын жеткізген. Сонымен бірге, ұлын балалар алаңқайына қалдырып кеткен 27 жастағы ана ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады басылым.

Балалар үйіндегі дәрігерлердің мәліметінше, баланың жағдайы қанағаттанарлық.

"14 наурыз күні сағат 10:30-да қалалық ауруханадан салмағы 3200 грамм, бойы 50 сантиметрге жететін ер бала жеткізілген. Сәбидің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Оның әрі қарайғы дамуын бақылау үшін изоляторда ұстаудамыз. Қалалық ауруханада баланы толық тексеруден өткізген, сараптама қорытындысы қазіргі жасына сай келеді. Қазір сүт беріп жатырмыз. Нәресте әр үш сағат сайын сүт ішеді", - дейді балалар үйінің дәрігері Гүлмира Мирюсупова.

Айта кетелік, Шымкент көшелерінің бірінен тастанды нәресте табылып, дәрігерлер аса ауыр жағдайдағы сәбиді құтқарып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960899-denesi-muzdap-qalgan-symkentte-koseden-tabylgan-narestenin-qazirgi-zagdaiy-belgili-boldy/

pixel