Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуроодақ Ресейге және ресейлік олигархтарға қарсы жаңа санкциялар пакетін жариялады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың төртінші пакетін ұсынды. Енді Ресей Федерациясының аумағына Еуропадан құны 50 мың еуродан жоғары автокөліктерді экспорттауға, сондай-ақ болат өнімдерінің бір бөлігін импорттауға тыйым салынады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейге қарсы төртінші келісілген санкциялар пакеті сейсенбі, 15 наурызда ЕО ресми журналында жарияланды.

Санкциялық шаралар жарияланған сәттен бастап күшіне енген. Шектеулердің жаңа тізімне келесі тыйымдар кірген:

  • әртүрлі секторлардағы кейбір ресейлік мемлекеттік кәсіпорындармен мәмілелер;
  • РФ энергетика саласына жаңа инвестиция;
  • Ресейден болат өнімдерін импорттау;
  • ЕО кредиттік рейтинг агенттіктерінің Ресейге және ресейлік компанияларға рейтингтер беруі;
  • ресейлік клиенттерге рейтингтік қызметтерді көрсету.

Сонымен қатар, басылым мәліметінше, "Ресей элитасына тікелей соққы беру" үшін ЕО Ресейге қымбат көліктер мен зергерлік бұйымдар сияқты тауарларды экспорттауға тыйым салады.

Сонымен бірге, санкция салынған жеке және заңды тұлғалардың тізімі кеңейді. Олардың қатарына ресейлік олигархтар мен бизнес-элита өкілдері кірген.

Басылым дерегінше, санкция салынғандар қатарында Роман Абрамович, Сулейман Керимов, "Альфа-групп" негізін қалаушылар Герман Хан мен Алексей Кузьмичев, "Яндекс" басқарушы директоры Тигран Худавердян және басқалары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960930-euroodaq-reseige-zane-reseilik-oligarxtarga-qarsy-zana-sankciyalar-paketin-zariyalady/

pixel