Алматыдағы ұлттық парктен қару-жарақ сақталған тағы бір орын табылды
Жарияланған күні:
Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі сақталған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым дерегінше, жаппай тәртіпсіздікке байланысты ұсталғандар кінәсін мойындап, ұрланған заттарды жасырған жерді көрсеткен. Бұл жолы жасырын орын ұлттық парк аумағындағы орман алқабында орналасқан.
"Тапаншалар, патрондар, полицей формалары салынған пакеттер жердегі кәрізге жасырылған. Ол жерден үш тапанша, бір жауынгерлік және 15 дыбыс шығаратын граната, Макаров тапаншасының 100-ден астам, Калашников автоматының – 107, аңшылық мылтықтың – 16-ы патроны, екі оқ өтпейтін кеудеше, улы газдан қорғайтын құрал (противогаз), радиостанция, полиция формасы, камуфляждық рюкзак, сонымен қатар, 2 400 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша табылды.
Қару-жарақ жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - дейді Алматы қаласы бойынша ҚАЖД СИ-18 жедел жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары Азамат Аманжолов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961108-almatydagy-ulttyq-parkten-qaru-zaraq-saqtalgan-tagy-bir-oryn-tabyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.