Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Жамбыл облысында жол апатының 99%-ы жүргізушілердің кінәсінен болып жатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Жамбыл облысы ПД

Биыл екі айдың ішінде Жамбыл облысының аумағында 169 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арманбек Бекмурзин хабарлады.

Оның сөзінше, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыста жол апаты 19,9 пайызға көбейген. Ал қаза тапқандардың саны 20,8 пайызға, жарақат алғандар саны 27,5 пайызға артқан.

"Бұл – алаңдатарлық статистика. Жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, көлік апаттарының 99 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болған. Көлік жүргізушілері көп жағдайда жылдамдықты асырады немесе рульде ұйықтап кетеді.

Сондай-ақ, жолдың белгіленбеген бөлігінен немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісінен кесіп өтетін жаяу жүргіншілер де ережені жиі бұзады, осылайша олар өз денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруде", - дейді Бекмурзин.

Осы ретте, генерал-майор жамбылдық полицейлер тарапынан жол апатының алдын алу, жүргізуші тәртібінің деңгейін арттыру мақсатында тұрақты түрде "Автобус", "Қауіпсіз жол", "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі", "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге, Арманбек Бекмурзин жол апатына жолдың сапасыздығы да себеп болып отырғанын жасырмады.

Осығай байланысты полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2627 шақырымды қамтитын көлік жолдарына 424 тексеріс жүргізген.

Нәтижесінде 1771 ақау анықталып, кемшіліктерді жою бойынша нұсқама берілген. Сондай-ақ, 33 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Жоғарыда келтірілген статистиканың артында жақынынан айырылған адамдар тұрғанын ұмытпайық. Ең бастысы – жол қозғалысы ережесін сақтаңыз. Есіңізде болсын, жол – қателікті кешірмейді!", - дейді Арманбек Баймурзин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961228-alandatarlyq-statistika-policeiler-zambyl-oblysynda-zol-apatynyn-99-y-zurgizusilerdin-kinasinen-bolyp-zatqanyn-malimdedi/

pixel