Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұманғарин қант бағасы туралы: Адамдар өздеріне проблема туындатып отыр

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

Бәсекелестікті дамыту және қорғау агентігінің басшысы Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында елдегі қант бағасына қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Серік Жұманғарин Қазақстандағы қантқа қатысты жағдайды бос сандырақ деп атады.

"Бұл бос сандырақ. Бұл бағаны қолдан көтеру емес, адамдар өздеріне проблема туындатып отыр. Мен мұны шын айтып тұрмын", - деді ол.

Осы ретте, Жұманғарин қант бағасының өсуіне қатысты жағдайға түсініктеме берді.

"Біздегі қанттың басым бөлігі биржада белгіленетін шикі қанттан өңделеді. Әрине, ол шетел валютасымен бағаланады және бағаның өсуіне байланысты белгілі бір сәттер болуы мүмкін.

Бірақ осы аптада болған жағдай - бұл дүрбелең туындағанда үнемі болатын жағдай. Бұлай істеуге және бұған мемлекетті кінәлауға болмайды.

Салалық мемлекеттік органдар мен үкімет бірден әрекет етті және қант жеткілікті, оны қаптап сатып алудың қажеті жоқ екенін айтты", - деді ол.

Агенттік басшысының сөзінше, ведомство қант зауыттары мен көтерме саудагерлерге тексеріс жүргізген.

"Қордың бар екені, бағаның көтерілгенін күтіп, сатылмағаны анықталды. Олардың бәрі жазаланады. Қантты сақтаған бұл адамдар ешқандай пайда таппайды.

Олардың табуға тырысқан ақшасы бюджетке айыппұл, монополиялық кірістер түрінде қайтарылатын болады. Өзін бұлай ұстау - бизнесмендер үшін дұрыс саясат емес", - деді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде қант бағасы әрі кетсе 60-70 теңгеге өсуі мүмкін екенін айтқан еді.

Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев бес күн ішінде бір ғана сауда желісінде 540-550 тонна қант сатылғанын мәлімдеді.

Ал бұған дейін бес күнде орта есеппен 170 тонна қант сатылып келген. Оның сөзінше, сұраныстың артуы - бағаның көтерлуіне себеп болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961309-zumangarin-qant-bagasy-turaly-adamdar-ozderine-problema-tuyndatyp-otyr/

pixel