Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір ғана сауда желісінде бес күнде 550 тонна қант сатылған

Жарияланған күні:

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев ОКҚ өткен брифингте елімізде қант бағасына не әсер еткенін және оның бағасы қалай тұрақтанатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қантқа сұраныс көбейген сайын қант бағасы өсіп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бес күн ішінде "Магнум" сауда желісінде 540-550 тонна қант сатылған. Бұрын бес күнде орта есеппен 170 тонна қант сатылатын. Қант бағасы сол себепті өсті.

Жергілікті органдар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп бағаны себепсіз көтерген кәсіпкерлерді тексеріп, тиісті шаралар қолдана алады. Осы аталған шаралар қабылданған соң баға тұрақтауы мүмкін", - дейді Қазанбаев.

Айта кетейік, сауда нүктелерінде бағаны көтеру фактілері анықталса, көрсетілген кері байланыс арналарына хабарласуға болады:

  • жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер);
  • Сауда және интеграциялар министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің "e-Tutynushy" сайты;
  • СИМ сауда комитеті және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда шамамен 90 мың тонна қант қоры бар және республика қантпен толық қамтамасыз етілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының, соның ішінде қанттың тапшылығы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Ведомствоның мәліметінше, республика бойынша барлығы 1,5 млн тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Сондай-ақ, елімізде қант тапшылығы жоқ. Қант өндірісі жалғасуда және тоқтамайды. Ал қор толықтырылып отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1960683-elimizde-bir-gana-sauda-zelisinde-bes-kunde-550-tonna-qant-satylgan/