Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мемлекеттік сатып алу процедурасы жеңілдетілмек

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында елімізде мемлекеттік сатып алу процедурасы айтарлықтай жеңілдетілетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сатып алуды жеңілдету мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді 3000 АЕК мөлшеріне дейін сатып алу нормасы көзделген", - деді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, сатып алуды оңайлату үшін формализм мен қажетсіз рәсімдерді болдырмауға, жергілікті жеткізушілерді қолдауға және жұмыс орындарын ашуға, сатып алу үдерісі мен келісім-шарттардың орындалуын бақылауға халықтың қатысуына баса назар аударылатын болады.

"Жақын уақытта биылға арналған республикалық бюджет шығыстарының параметрлері мен бағыттарын нақтылау күтілуде", - деді Жамаубаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Әділет министрі Қанат Мусин үкімет отырысында Қазақстанда жаңа облыстар қашан құрылатынын айтқан еді.

Қанат Мусиннің хабарлауынша, Абай, Ұлытау облыстарын құру, Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстарына бөлу, облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарларын азайтуға байланысты президент жарлығы мен үкімет қаулысын 2022 жылдың маусым айында қабылдау жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961428-elimizde-memlekettik-satyp-alu-procedurasy-zenildetilmek/

pixel