jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұрады

Наурыз
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Наурыз - көктем мерекесінің атауы ғана емес, адамдарға да қойылатын ерекше есім. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Telegram каналында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратыны туралы инфографика жариялады.

Бір қызығы, Наурыз есімі ер азаматтарға да, қыз-келіншектерге де қойылады. Мәселен, елімізде Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-сі ер адам, қалған 36-сы әйел.

Сонымен бірге статистикада Наурыз есімін қай өңірлерде жиі қоятыны көрсетілген:

  • Маңғыстау облысында – 278 адамның;
  • Түркістан облысында – 190 адамның;
  • ал Қызылорда облысында – 160 адамның есімі Наурыз екен.

Одан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2022 жылғы 1 қаңтар аралығында елімізде Наурыз есімді 17 нәресте өмірге келген.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде Қазақстан деген есім қойылған 24 азамат тұратынын жазған едік.

Одан бөлек, ел тұрғындары балаларының есімін ірі қалалардың құрметіне де қоятын болып шықты. Мәселен, елімізде 28 адамға Семей деген ат қойылса, 21 азаматтың есімі Алматы. Сондай-ақ, 18 тұрғынның есімі Түркістан екен.

Сонымен бірге, елімізде Атырау есімді 15, Тараз есімді 14, Қостанай есімді 12, Ақтау есімді 11, Нұр-Сұлтан есімді 10, Шымкент есімді 3, Ақтөбе есімді 1, Талдықорған есімді 1 азамат тұрады.

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.