jitsu gif

"Бірге қартайыңдар": Немересінің үйлену тойында неке жүзігін таққан қариялар елді тәнті етті (видео)

Қариялар немересіне сақина салды
скриншот: nur.kz

Алматыда өткен үйлену тойлардың бірінде отасқанына 60 жыл болған қариялар немерелеріне неке сақинасын тақты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сағындық Тойбайұлы мен Әбзел Данбаева осыдан 60 жыл бұрын Кеген ауданындағы Саты ауылында шаңырақ көтерген. Атай мен әжей колхозда еңбек етіп, мал бағып, сиыр сауып, зейнетке шығады.

Бүгінде Сағындық атай 88 жаста, Әбзел әжей 82 жаста. Олар 13 баланы өсіріп, 45-тен аса немере, 20-дан аса шөбере сүйіп отыр.

Жақында атай мен әжейдің шаңырағында үлкен той болды. Қариялардың немересі Бекжан шаңырақ көтеріп, тағы бір келін әулет табалдырығын аттады.

Үйлену тойының салтанатты сәтінде Сағындық атай мен Әбзел әжей жас жұбайларға неке сақинасын тағып, ақ батасын берді. Немерелері ата-әжейдің жолын беріп, "гауһар тойға" дейін қол ұстасып жетсін деген тілекпен неке жүзігін қарияларға таққызған.

Тойға жиналған қауым ақ жаулықты әжей мен ақ сақалды атаның өнегелі ғұмырын беруді тілеп, жас жұбайларға тілегін жаудырды.

"Бірге қартайыңдар": Немересінің үйлену тойында неке жүзігін таққан қариялар елді тәнті етті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.