Жамбыл облысында заңсыз жүрген 123 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды
Опубликовано:

Жамбыл облысында 500-ден астам шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Polisia.kz.
"Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 504 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз еңбек етіп жүргені үшін 117 мигрантқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
"Шетелдіктерді қабылдайтын Қазақстан азаматтарының көші-қон заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 260 адам, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 40 қазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев.
123 шетелдік азамат сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.
Оларға Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіруге тыйым салынған.
Сондай-ақ, бұрын шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және облыс аумағында заңсыз жүрген 14 шетелдік тұрғын мәжбүрлі түрде елден шығарылып, іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961645-zambyl-oblysynda-zansyz-zurgen-123-setel-azamaty-el-aumagynan-sygaryldy/