jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Шымкенттіктер Наурыз мерекесіне орай 30 метрлік қазы айналдырды

қазы айналдыру сәті
Фото: otyrar.kz

Наурыз мейрамына орай Шымкент тұрғындары елде бұрын-соңды болмаған ең ұзын қазыны айналдырды. Оның ұзындығы - 30 метр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі OTYRAR телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлттық тағамды ондаған аспаз әзірлеген, ал дайын өнім қаладағы әлеуметтік мекемелерге таратылды.

Қазы арнайы рецепт бойынша дайындалды. Алайда аспаздар ұлттық тағамды дайындау әдісін құпия ұстауды жөн көрген.

Қазақ дастарханын қазысыз елестету мүмкін емес. Қазы-қарта, жал-жая - қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы, жылқы етінің ең таңдаулы әрі сыйлы мүшелері.

Сонымен қатар, қазы жылқы малының семiз, арықтығына қарай түрлiше аталады. Оны елi, бармақ, шынашақпен өлшейдi. Қазының кере қазы, тең қазы, сере қазы, табан қазы, би қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы сияқты атаулары бар.

Шымкенттіктер Наурыз мерекесіне орай 30 метрлік қазы айналдырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.