Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыны қар басты
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 23 наурызға қараған түні қар жауды. Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қалаға 2 см қар түскен. Ал тау бөктеріндегі аудандарда 8-10 см, таулы аудандарда 10-15 см қар жауған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға 376 тонна арнайы материал себілуде.

"Коммуналдық қызметтер тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын күшейтілген режимде тазалап жатыр", - делінген хабарламада.

Алматыны қар басты
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаланы қардан тазарту жұмыстарына 987 жұмысшы, 412 техника мен 111 құмшашқыш техника жұмылдырылған.

"Қазгидромет" дерегінше, 23 наурызда күндіз жауын-шашын күтіледі.

Ауа температурасы күндіз 0-2 градус аралығында жылы болады, ал түнде 1-3 градус аяз күтіледі. 24, 25 және 26 наурызда жауын-шашын болмайды деп болжануда.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтаннан шыға берісте 110-ға жуық көлік кептеліп қалғанын жазған едік. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департамент тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961816-aaaaaa/

pixel