jitsu gif

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 24 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 24 наурызда Маңғыстау облысының солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу-бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз солтүстік-шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының тау етегіндегі аудандарында баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

24 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.