Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар мен әйелдерді тонады деген күдікпен алматылық ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pexels.com

Алматылық полицейлер балалар мен әйелдерді тонады деген күдікпен ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған қатысты Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев пікір білдірді.

"Қоғамдық көліктегі ұрлықтың алдын алу бойынша іс-шара барысында біздің бөлімше қызметкерлері қалалық криминалдық полициядағы әріптестерінің көмегімен қоғамдық көлік бағыттарының бірінде 33 жастағы азаматты ұстады. Ол баланың қалтасынан смартфонды ұрлап кеткен. Мобильді құрылғы тәркіленіп, оқушының ата-анасына қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды", – деді Еділхан Байғараев.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабына ("Ұрлық") сәйкес іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962006-balalar-men-aielderdi-tonady-degen-kudikpen-almatylyq-ustaldy/

pixel