Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚМДБ: Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталады

Опубликовано:

Құран
Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталады. Бұл туралы елордада еліміздің бас мүфтиінің төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.

"Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан – ерекше ай. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла нәсіп етсін! Осы айда мейлінше қайырымдылық іс-шараларды көбірек атқаруға шақырамын", - дейді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын, Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, осындай ортақ шешім қабылданғанын атап өтті.

Сонымен қатар, мәжілісте "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры Қанат Қыдырмин қасиетті айда атқарылатын қайырымдылық іс-шаралар туралы бас мүфтиге баяндады.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962148-qmdb-biyl-ramazan-aiy-2-sauirde-bastalady/

pixel