Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір күртеше - 1,6 млн теңге": Қызылорда облыстық білім басқармасы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Опубликовано:

Есеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облыстық білім басқармасы мемлекеттік сатып алудағы келеңсіздікке байланысты жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желілер мен интернет порталдарда мемлекеттік сатып алуға байланысты өте қымбатқа бағаланған күртеше мен сүтке байланысты ақпарат кеңінен тараған болатын.

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алуда бір литр сүтті 14,5 млн теңгеге бағалаған келеңсіздікті анықтаған.

Осы орайда облыстық білім басқармасы аталған мәселеге қатысты тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізген.

"Нәтижесінде жоспарланған жұмыстар бойынша Шиелі аудандық білім бөлімі 14 млн 577 мың теңгені сүттің 1 литріне емес 1 лотқа көрсеткен. Яғни, аталған қаржы 1 жылдық сомасына қарастырылған", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Оның сөзінше, негізінде "табиғи сүттің" бір литрін қосымша құн салығымен 223,21, қосымша құн салығынсыз 199,29 теңгеге сатып алу жоспарланған.

Ақзира Қасымованың айтуынша, күртешенің бағасына да қатысты қателік кеткен. Яғни, Қармақшы ауданының білім бөліміне қарасты орта мектеп мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспарды орналастыру кезінде техникалық қателік жіберген.

"Яғни, 1 күртешенің бағасы 16 701,43 теңгеден болу қажет еді. Алайда ол үтірсіз 1 млн 670 мың 14 теңге деп көрсетілгені анықталды. Барлық деректер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бөлінген қаржыға сәйкестендірілді. Бұл жерде негізсіз бағаны көтеру дерегі орын алмаған", - дейді Ақзира Қасымова.

Ведомство мәліметінше, бұл тек жоспарланған жұмыстар болған. Барлық лоттар бойынша ешқандай да мемлекеттік сатып алулар жүргізілмеген. Аталған лоттар бойынша көрсетілген қаржы бөлінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962183-bir-kurtese-bagasy-1-mln-670-myn-tenge-qyzylorda-oblystyq-bilim-basqarmasy-zelide-taragan-aqparatqa-tusinikteme-berdi/

pixel