Қазақстанда халық саны 19 миллионнан асты
Опубликовано:

Қазақстанда халық саны 19 миллион 143 мың 200-ден асты, деп хабарлайды Хабар 24.
Ұлттық статистика агенттігінің мәліметінше, оның 11 млн 300 мыңнан астамы қала тұрғындары.
Ал 7 млн 700 мыңнан астам адам ауылда тұрады.
Телеарна хабарлауынша, елде өткен жылмен салыстырғанда халық саны 1,3 пайызға өскен. Отандастарымыздың 49 пайызға жуығы – ерлер, 51 пайызы – әйелдер.
Одан бөлек, 11 миллионнан астам адам "еңбекке жарамды" деп танылған. Ал этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70 пайызға жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962197-qazaqstanda-xalyq-sany-19-millionnan-asty/