Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының бірнеше ауданында биік ғимараттар салу шектелмек

Опубликовано:

Ғимарат
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік астананың мәслихаты "Алматы қаласы аумағының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспарын бекіту" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу шешім қабылдады. Оған сәйкес, алып шаһардағы биік ғимараттар салу шектелмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматының бірнеше ауданында көпқабатты үй салуға тыйым салынады.

Мәслихат шешімінің жобасы қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

"Абай даңғылының оңтүстігінде, әл-Фараби даңғылының солтүстігінде, Яссауи көшесінің шығысында, Шығыс айналма жолының (ШААЖ ) батысында орналасқан тұрғын үйлердің рұқсат етілген максималды биіктігі ғимараттардың барлық түрлері үшін 6-9 қабаттан аспайды. Құрылыстың барлық орташа жоспарлы биіктігі шатырдың төбесіне дейін 35 метрден жоғары болмауы тиіс. Бұл ретте тұрғын үй ғимараттары жайлылықтың үшінші саанатынан төмен болмауы керек",- делінген құжатта.

Сондай-ақ, көрсетілген аумақта ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін мақсатты пайдалана отырып бөлуге және тау сөрелері жолағында, оның ішінде еңістігі 15 градус және одан жоғары алаңдарда аз қабатты ғимараттар салуға жол берілмейді.

"Денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салуды қоспағанда, Шығыс айналма жолының (ШААЖ), әл-Фараби даңғылы, Саин даңғылы, Жандосов көшесі (Саин даңғылынан қала шекарасына дейін) оңтүстігіне қарай орналасқан ғимараттардың параметрлері үш қабаттан артық емес және денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салуды қоспағанда, ең жоғары биіктігі он екі метрден аспауы тиіс", - деп жазылған құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962246-almatynyn-birnese-audanynda-gimarattar-biiktigi-sekteledi/

pixel