Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10-ы Алматыдан: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Жарияланған күні:

Коронавирусқа тексеріліп жатқан адам
Фото: pixabay.com

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 26 наурызда елімізде коронавирус жұқтырған 23 адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz Telegram-каналында.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 1
  • Алматы қаласында - 10
  • Ақмола облысында - 1
  • Шығыс Қазақстан облысында - 4
  • Батыс Қазақстан облысында - 1
  • Қарағанды облысында - 1
  • Қостанай облысында - 2
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 040-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 229 адам аурудан жазылып шыққан.

27 наурыздағы мәлімет бойынша, қазір Қазақстанда 4 424 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 466 пациент стационарда, 3 958 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

43 адамның жағдайы ауыр, 8 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 10 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін салдырғандар саны 9 450 022-ге, 2-ші компонентін салдырғандар саны 9 145 878-ге жеткен.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың соңғы шешіміне сәйкес, елде Pfizer вакцинасын алуға құқылы азаматтардың санаты кеңейтілді.

Одан бөлек, үй-жайларда міндетті түрде маска тағу талабы да алып тасталды. Алайда медициналық мекемелерде маска тағу талабы сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962264-10-y-almatydan-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/