Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл әкімі 40 келі қойды 50 рет көтеріп, жұртты тәнтті етті

Опубликовано:

Қой көтеріп жатқан Белбұлақ ауылдық округінің әкімі
Кадр: instagram.com/talgar_akimat

Алматы облысы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаев Наурыз мерекесінде ұлттық ойындарға халықпен бірге қатысып, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәселен, ол өзінің туған ауылы Талдыбұлақта өткен Наурыз мерекесінде қол күрестіріп, салмағы 40 келі қойды 50 рет көтерген.

Бұл сәттің видеосын Талғар әкімдігі ресми Instagram парақшасында жариялады.

Видеоны көрген желі қолданушылары әкімнің әрекетіне риза болып, түрлі пікірлерін жазған.

"Жарайсыз, әкім мырза! Қарапайым халықпен бірге осындай қарапайым болып қала беріңіз", "Ұлық болсаң кішік бол деген осы", "Әкім деген осылай болу керек қой халықпен араласып, сонда халқына жақын болады", - деп жазды олар.

Айта кетейік, 34 жастағы Нұрбол Досымбаевты Белбұлақ ауылдық округінің әкімі етіп халық сайлаған.

Instagram-дағы Talgarnewskz парақшасының мәліметінше, осы мерекеде Талдыбұлақ ауылының 12 жастағы тұрғыны Досжан Қалинұр 30 келі тартатын малды 115 рет көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962277-almaty-oblysynda-auyl-akimi-40-keli-qoidy-50-ret-koterip-zurty-tantti-etti-video/

pixel