Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев белгілі журналист Батыр Қазыбаевтың жақындарына көңіл айтты

Опубликовано:

Батыр Қазыбаев
Фото: facebook.com/batyr.kazybayev

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, медиаменеджер Батыр Қазыбаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның анасы танымал қаламгер, ұстаз Орынша Қарабалинаға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда ресми Telegram-каналында хабарлады.

"Ардақты ұлыңыз Батыр Кәкімжанұлы ақпарат саласында табысты қызмет етіп, ірі медиажобаларды жүзеге асырды. Отандық ақпараттық порталдар, радио мен телеарналардың негізін қалап, еліміздің журналистика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Өзінің табиғи қарапайымдылығымен, ұшқыр ойларымен және іскерлігімен елге сыйлы болды. Өмірде адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Батыр Кәкімжанұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды", - деп жазылған президенттің жеделхатында.

Айта кетейік, 27 наурызда журналистің ұзақ аурудан кейін қайтыс болғаны белгілі болды.

Батыр Қазыбаев 10 жылдан астам уақыт құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары кіретін Alash Media Group холдингін, Жұлдыз FM радиостанциясы, Ретро FM Қазақстан, СТВ телеарнасын басқарды, "Жетінші арнаның" негізін қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962365-toqaev-belgili-zurnalist-batyr-qazybaevtyn-qazasyna-bailanysty-onyn-zaqyndaryna-konil-aitty/