Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаладан шығатын жолдарға "Сергек" камералары қойылады

Опубликовано:

жол көлік оқиғасы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда қаладан шығатын жолдарға "Сергек" камералары қойылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне қарасты әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек хабарлады, деп жазады Polisia.kz.

Нұрлан Аманбек қаладан негізгі шығу жолдарындағы көлік қозғалысының шиеленісуіне байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Оның сөзінше, кейбір азаматтар өтіп бара жатқан көліктерді жол жиегінде тұрып тоқтатады. Бұл көлік кептелісі мен төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырып жатады.

"Сол арқылы өздерінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз "Сергек" камераларын қаладан шығатын негізгі жолдарға эксперимент ретінде қоюды ұсындық. Олар: Төле би даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі", - дейді Нұрлан Аманбек.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында "Сергек" камералары жаяу жүргіншілердің ереже бұзғанын тіркей бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962393-almatyda-qaladan-sygatyn-zoldarga-sergek-kameralary-qoiylady/

pixel