Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін ұлғаймақ

Опубликовано:

Ажар Ғиният студенттермен кездесті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

2023 жылы дәрігерлердің жалақысын 550 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерімен өткен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында денсаулық сақтау министрі кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты министр медицина қызметкерлерін материалдық қолдау және дәрігер мамандығының мәртебесін арттыру шаралары туралы айтты. 

Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін материалдық қолдау және дәрігер мамандығының мәртебесін арттыру шаралары туралы да сөз етті. 

"Жыл сайынғы дәрігерлердің жалақысын арттыруды ескере отырып, 2023 жылы 550 мың теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған. Бұл экономика бойынша орташа жалақымен салыстырғанда 2,5 есе жоғары", - деді Ажар Ғиният.

Одан бөлек, ол медициналық студенттерге арналған гранттар мен шәкіртақы құнын арттыру, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін әлеуметтік пакетті жақсарту туралы айтты. 

"Бүгін осы залда болашақ дәрігерлер жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда денсаулық сақтаудың дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосатын көшбасшылар болатынына сенімдімін", - деді министр қорытынды сөзінде.

ДСМ өкілдері болашақ дәрігерлермен кездесу ашық интерактивті форматта өтіп, студенттерге сауалнамаға қатысуға, талқылау үшін сұрақтар қоюға мүмкіндік берілгенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962418-2023-zylga-qarai-darigerlerdin-zalaqysy-550-myn-tengege-deiin-ulgayady/

pixel