Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты халыққа үндеу жасады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: facebook.com/GenProkRK

Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев әлеуметтік желіде жарияланған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс жайлы материалдарға қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Тиісті үндеудің мәтіні Бас прокуратураның ресми сайтында жария етілді.

"2022 жылдың ақпан айынан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар (жарияланымдар, бейнесюжеттер, хабарламалар, пікірлер) белсенді жариялануда.

Бұл ретте кейбірінде Қазақстан азаматтарын осы жанжалға қатысуға үндеу, ұлтараздықты қоздыру, екі тарап азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау секілді қасақана арандатушылық мәлімдемелер және көрінеу жалған ақпараттар кездеседі",- деді ол.

Бас прокурордың орынбасары өз үндеуінде әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары ел аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер жариялап жатқанын тілге тиек етіп, осыған байланысты қатаң ескерту жасады.

​"Бұл әрекеттерге Қазақстан Конституциясы мен жалпыға танылған халықаралық-құқықтық құжаттар негізінде тыйым салынған.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде осындай арандатушылық сөздер мен үндеулерге берілмеуге шақырамыз.

Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы соғыс қимылдарына қасақана құқыққа қайшы қатысуы, сол сияқты ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық жазаланатын әрекеттер екенін және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын еске саламыз",- деді ол.

Сонымен қатар, Болат Дембаев Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат таратқан үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962420-bas-prokuratura-resei-men-ukraina-arasyndagy-qaqtygysqa-bailanysty-xalyqqa-undeu-zasady/