Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Айдана Тұралы
Айдана Тұралы. Фото: facebook.com/up.kyzylorda

Қызылордада 21 наурызда сағат 20.00 шамасында үйінен шығып кеткен 17 жастағы Айдана Тұралы сол күйі оралмаған. Тәртіп сақшылары қызды іздестіріп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы Facebook парақшасында хабарлады.

Айдана Тұралының ерекше белгілері: бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қысқа, қара.

Қызылорда полиция басқармасы 17 жастағы қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден 8 (7242) 29-75-20 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысының полицейлері 1 ай бұрын жоғалып кеткен және халықаралық іздеу жарияланған Назым Алдашты аман-есен тапқанын жазған едік.

Құзырлы органның мәліметінше, 24 ақпанда Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміне жоғалған жас келіншектің анасы арызданған. Ол өз арызында үйінде жүрген аяғы ауыр қызының "ауруханаға кеттім деп", сол күйі оралмағанын айтқан.

Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов бастаған тәжірибелі полицейлер тобы жұмылдырылған. Сонымен қатар аудандық полиция басқармасынан, бөлімдерінен де полицейлер тартылған.

Одан бөлек Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлері Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестірген.

Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, жоғалған жанды табуға еріктілер атсалысқан. Сондай-ақ жас келіншекке халықаралық іздеу де жарияланған.

Оның жеке басы мен түр-тұлғасына қатысты мәліметтер суретімен бірге барлық аумақтағы полицейлерге жолданып, адамдар көп шоғырланған орындарға ілінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962436-qyzylordada-17-zastagy-qyz-bir-aptadan-beri-tabylmai-zatyr/

pixel