Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді

Опубликовано:

Гуманитарлық көмек
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстаннан Украинаның мұқтаж азаматтарына гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 наурызда Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейс ұйымдастырып, Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді.

Ведомствоның мәліметінше, жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды.

Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын.

"Қайтар жолда жүкті жеткізген "Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген Қазақстан Республикасының ондаған азаматы мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарлануда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Гуманитарлық көмек
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Еске сала кетсек, 11 наурызда Нұр-Сұлтаннан Украинаға гуманитарлық көмек тиелген алғашқы жүк керуені жолға шыққан еді. Киевке барған екі жүк көлігінде 40 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім және басқа да қажетті заттар болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962465-qazaqstan-ukraina-azamattary-usin-gumanitarlyq-komektin-zana-partiyasyn-ziberdi/

pixel