Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында сотталушы колония қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысы АК-159/25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы колония қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Осы әрекеті үшін ол тағы үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылғы қазан айында Жезқазғанда орналасқан колонияда болған.

Адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы камераға шылым блогын кіргізуге тырысқан. Оған бақылаушы ескерту жасаған. Өйткені шылымды арнайы орында ғана шегуге болады. Ал камераларда темекі сақтауға тыйым салынған.

Осы кезде сотталушы бақылаушыға шабуыл жасап, артынша кезекшіні ұрған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 429-бабы 2-бөлігі бойынша (Мекеме қызметкеріне күш қолданамын деп қорқыту) қылмыстық іс тіркелген.

Материалдарды Жезқазған соты қараған. Ер адам кінәлі деп танылған. Сотталушының бұрынғы қылмысы үшін жазасын өтеу мерзімі 2 жылдан кейін аяқталады. Алайда оған тағы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген.

Нәтижесінде енді ол төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде тағы 5 жыл отырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында сотталушылар шеге жұтып, ауыздарын тігіп тастағанын жазған едік. Жазасын өтеушілер өздерін ұрып-соғып, "жазалаймын" деп қорқытатынын мәлімдеді.

Бұған қатысты Шымкент қаласы және Түркістан облысының ҚАЖД өзін-өзі жарақаттау фактісін растап, сотталғандарға медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша, тұтқындар мекемедегі режимді бұзғаны үшін жазадан құтылу мақсатында қасақана наразылық акциясын ұйымдастырған. Бұл адамдар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962474-qaragandy-oblysynda-sottalusy-koloniya-qyzmetkerlerine-sabuyl-zasagan/

pixel