ТЖ министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты маңызды мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігінде ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ деректері бойынша ауа райы жағдайына байланысты Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жол жабылған.
ТЖМ ахуалдық орталығында жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылған.
Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізуде. Бірқатар облыста да осындай штабтар жұмыс істеп жатыр.
Азаматтар төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді.
Байланыс телефоны: 8 (7172) 53 32 84
"Барлық жабық жол учаскесінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен бекеттер қойылды. Автомобиль жолдарына жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды", - делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауыл салдарынан шатырлар мен ағаштар құлаған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түспеген.
Осыған байланысты ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
"Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларына назар аударыңыз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет", - деді министрлік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962669-tz-ministrligi-aua-raiynyn-nasarlauyna-bailanysty-manyzdy-malimdeme-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.