Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде достар арасындағы отырыстың соңы кісі өлімімен аяқталды

Опубликовано:

Пышақ
Фото: Polisia.kz

Өскеменде достардың кездесуі кісі өлімімен аяқталды. Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын 61 жастағы құрдасын пышақтаған, деп деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы жағдай наурыз айының басында болған.

Өскемен қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарласып, әкесіне көмек керек екенін айтқан. Тексеру барысында ер адамның 61 жастағы досымен бірге алкогольді сусын ішкені анықталды.

Көп ұзамай олардың арасында жанжал туындап, құрдастар бір-біріне пышақ жарақатын салған. Салдарынан ер адамның досы оқиға орнында қаза тапқан.

Полиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікпен Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962783-oskemende-dostar-arasyndagy-otyrystyn-sony-kisi-olimimen-ayaqtaldy/

pixel