Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңадан құрылатын облыс тұрғындарына құжаттарын қайта рәсімдеу қажет пе

Опубликовано:

Қала
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңадан құрылатын облыс тұрғындарына құжаттарын қайта рәсімдеу қажет пе? Бұл сауалға Әділет министрлігі жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Ұлытау облысын құрып, оның орталығы ретінде Жезқазған қаласын бекіту туралы бастама көтерген еді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Семей аумағында Абай облысын құруды ұсынды. Одан бөлек, президент Алматы облысының Жетісу және Алматы облысы болып екіге бөлінетінін айтты.

Президенттің тапсырмасы бойынша енді Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы, ал Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болмақ.

Әділет министрлігінің дерегінше, қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес, бұл реформалар жылжымайтын мүлікке және заңды тұлғаларға құқықтарды тіркеу саласында бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеуді талап етпейді.

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңның 6-бабының 2-тармағында елді мекендер атауының, көшелер атауының, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірінің (мекенжайының) өзгеруін, кадастрлық нөмірлердің өзгеруін тіркеу Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты құқық иеленушіге жүктелмейді және өтеусіз жүзеге асырылады.

Осылайша, жаңа облыстардың құрылуы, елді мекендердің қайта аталуы меншік иелерін құқық белгілейтін (мысалы: сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, пайдалануға қабылдау актісі, әкімдіктің қаулысы және басқалары) және сәйкестендіру құжаттарына (жер учаскесіне акті, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт) осындай өзгерістер енгізу үшін тіркеуші органға жүгінуге міндеттемейді.

"Елді мекен атауының өзгеруі және жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының басқа да деректемелері (көше атауы, ғимараттың, үй-жайдың реттік нөмірі) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" Мемлекеттік дерекқорында автоматты түрде жаңартылады", - делінген министрлік хабарламасында.

Құжаттарды ауыстыру олардың жарамдылық мерзімі өткен жағдайда немесе олар жоғалған жағдайда жүзеге асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962795-zanadan-qurylatyn-oblys-turgyndaryna-quzattaryn-qaita-rasimdeu-qazet-pe/

pixel