Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК халықаралық есірткі арнасын жойды

Опубликовано:

Қолға түсті
Фото: ҰҚК

2022 жылдың 18 наурызында Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты жариялады.

"2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қаласы ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен ер азаматты ұстады.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды", - делінген комитеттің хабарламасында.

Комитет ұсынған ақпаратқа сәйкес, алынған есірткінің "қара нарықтағы" алдын ала құны 50 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу материалы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962830-uqk-xalyqaralyq-esirtki-arnasyn-zoidy/

pixel