Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға қайтадан визасыз кіре алатын болды

Опубликовано:

Сеул
Көрнекі фото: pixabay.com

1 сәуірден бастап Қазақстан үкіметі мен Оңтүстік Корея үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысын жаңғырту қалпына келтіріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін визаны Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатқан еді.

Енді Қазақстан азаматтары Корея аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады. Ал Кореяда еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың "К-ЕТА" электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеру керек.

Оған сәйкес елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру және содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшақтың бортына отырғызудан бас тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962961-qazaqstandyqtar-ontustik-koreyaga-qaitadan-vizasyz-kire-alatyn-boldy/

pixel