Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 7 нысанға жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат тарады (видео)

Опубликовано:

жарылғыш зат1
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы полицейлері 7 нысанға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскенін мәлімдеді. Алайда олардың ешбірінен күдік тудыратын зат табылмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, үш банк, екі сауда үйі мен әуежайға және бір оқу ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскен.

Алматы әуежайы да ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар келіп түскенін растады.

"Алматы халықаралық әуежайы терминал аймағына бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түскенін растайды. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды", - дейді әуежайдың баспасөз қызметінен.

Дегенмен полиция тексеріс барысында барлық аталған нысанда жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпараттың расталмағанын мәлімдеді.

Сол арада алматылықтар әлеуметтік желіде эвакуация жүргізілген орындардан фото-видеоларды бөлісіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962968-almatyda-7-nysanga-zarylgys-zat-qoiyldy-degen-aqparat-tusken/

pixel