jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Назарбаевқа түскі ас әзірлеп танымал болған аспаз өз тойында қонақтарға бүтін акуладан дәм татқызды

Акула
Видеодан кадр: Instagram/bagdat__official

Елбасына түскі ас дайындап танымал болған атыраулық аспаз Бағдат Қадыров шаңырақ көтерді. Тойға жиналған қонақтардың алдына акуладан дайындалған дәм қойылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бағдат Қадыров үйлену тойына қызу дайындалып жүргені туралы Instagram парақшасында мәлім еткен.

Ол бас аспаз болғандықтан өз тойының дастарханына арналған мәзірді толық өзі әзірлеп, тағам дайындау процесін бақылауда ұстағанын алға тартады.

Акуланы той қонақтарының алдына Бағдаттың аспаздық өнерде бірге жүрген әріптесі сән-салтанатпен алып шыққан. Теңіз балығы түрлі экзотикалық жемістермен бірге ұсынылған.

Видеодан бұқтырылып пісірілген теңіз жануарын қонақтар жан-жақтан қаумалап, фотоға түсіргенін байқауға болады.

Той қонақтарының арасында танымал өнер жұлдыздары да болған. Атап айтсақ, Нұржан Керменбаев, Әбдіжаппар Әлқожа, Қабдол, Әділет Жауғашар сынды әншілер бой көрсеткен.

Айта кетейік, Бағдат Қадыровтың сүйген жары Ақтау қаласынан.

Видео Бағдат Қадыровтың тойын ұйымдастырушы Бағдат Сәрсекеннің рұқсатымен Instagram парақшасынан алынды.

Назарбаевқа түскі ас әзірлеп танымал болған аспаз өз тойында қонақтарға бүтін акуладан дәм татқызды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.