Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың ескертуінен кейін "Самұрық-Қазына" қорында сатып алу тәртібі өзгерді

Опубликовано:

Самұрық- Қазына
Фото: "Самұрық- Қазына" қоры

"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесі қордағы сатып алуды іске асырудың жаңа тәртібін бекітті. Ол 1 сәуірден бастап өз кұшіне енеді. Қор қаңтар айында өткен мәжілісте сатып алу жүйесіндегі ашықтық мәселесін шешудің өзектілігін атап өткен президенттің сөздерін негізге алған, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ ресми сайты.

"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес сатып алуды өткізу тәртібі қаржы министрлігімен келісілді.

Тәртіп жобасын әзірлеу кезінде қор қаржы министрлігі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен  құжатты талқылап,  консультациялар жүргізді. Жан-жақты қамтылған жүйелі кеңес нәтижесінде құжатта мемлекеттік органдардың негізгі ескертулері мен бизнес-қауымдастықтардың сындарлы ұсыныстары ескерілді.

Қор қабылдаған жаңа тәртіп басқа құжаттарға сілтемесіз барлық сатып алу рәсімдерінің сипаттамасын қамтиды және тікелей әрекет құжаты болып табылады. Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру негіздері айтарлықтай қысқартылды.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер  палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен ассоциацияларды жаңа үдерістерге қатыстыру арқылы сатып алудың санаттық басқарылуы және біліктілікті  іріктеу процесінің ашықтығы арттырылды. Осы ережеге сәйкес, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдаудың жаңа шаралары енгізілді.

Сатып алу үдерісін жетілдіру мақсатында қор, мүдделі мемлекеттік мекемелер және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, еліміздің  аумағындағы барлық  субъектілердің сатып алуларын реформалау үдерісіне белсенді түрде атсалысуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963031-toqaevtyn-eskertuinen-keiin-samuryq-qazyna-qorynda-satyp-alu-tartibi-ozgerdi/

pixel